22 шілде 2016 | 15:19

Назарбаев жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады.

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. "Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек", - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды. "Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын-ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердің шешімін әзірлеуді сұраймын", - деді Мемлекет басшысы. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети