25 сәуір 2016 19:58

Назарбаев жерді сату мен жалға беру турасындағы дауға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл норма ел азаматтарына биылғы 1 шілдеден бастап ауылшаруашылық жерлерін аукционда сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қоғамда пікірталастар туғызған еді, себебі наразылық білдірушілер жерді шетелдік азаматтар иемденіп алуы мүмкін деген ойда.

Қазақстан Президенті бұл ретте азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

"Кодексте жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеңе айтылмаған. Біздің міндет - жердің меншік иесі болып, оның дұрыс пайдаланылуы үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтың игілігіне айналуы керек. Бұл мәселе мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсіндіруге міндетті Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қатысты", - деді Қазақстан Президенті.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жаңа норманы толық түсінбеу және бұрыс мазмұндау деректері бар екенін айтты.

Ал осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері жерді аукционнан тек Қазақстан азаматтарының сатып ала алатынын, ал шетелдіктердің 25 жылға жалға алуына болатынын түсіндірген еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети