Назарбаев жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заңға қол қойды © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жеке нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қабылданған заң "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 жарлықты іске асыруға бағытталған.

Заңмен "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңының қолданысы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысы тоқтатылады, оларға сәйкес 2016 жылдың соңына дейін: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жалдау шарттарымен шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын заңды тұлғаларға; мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне меншік құқығы берілмейтін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети