17 наурыз 2017 22:35

Назарбаев: Жерімізді ешкім де шетелге көтеріп әкетпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде жер мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде жер мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.

Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер мен түзетулер жайлы айта келе Назарбаев қоғамда қызу талқыға түскен 26-бапқа қатысты тоқталды. Президент елге қаражаты құйған инвесторлардың сол елдің заңымен қорғалуы керектігін айтып, түзетулерді жақтады. 

"Инвестор үшін өте маңызды, ол кеіп, үй салып, зауыт салып, жеке мүлігінің мемлекет заңымен қорғалатынын білуі керек. Ешкім келіп, тартып алмайтынын білсін", - деді Елбасы.

Айтуынша, бұл түзетулерден қазақстандықтардың қорқатындай себебі жоқ.

"Жерді ешкім де бермейді. Біз білеміз. Қазақстаннан көлігімен ешкім де жерді алып кетпейді. Сатуға рұқсат бермейміз", - деп уәде берді ел президенті.

Назарбаев осылай дей келе жерді қазақстандықтарға жерді жекеменшікке беруге әрекеттенгені жайлы айтты.

"Тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарында осы проблеманы қозғағым келді, совхоздардың 50 үздік директорын шақырдым да "Жерді сіздерге береміз. Аласыздар ма?" дедім. "Жоқ" деді. Қорқады. Он адам ғана келісті, олар қазір гүлденіп жатыр, жетістікке жететін ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды", - деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети