Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев неге биіктерге ұмтылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев неге биіктерге ұмтылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
"Біз екі өзенмен бөлініп тұрған ауылда тұрдық. Бірақ ол жердің бір ерекшелігі - ол Алатау тау бөктерлерінің етегінде болды. Мен таулардың арасында дүниеге келдім. Күнде оянған кезде тауларды көретінмін. Қазақтарда сөз бар ғой: кім тауға қарап өссе, сол адам биікке қарай ұмтылады. Менімен де дәл солай шығар", - дейді Мемлекет басшысы Instagram желісінде жарияланған видеода.
Еске сала кетейік, мұның алдында Мемлекет басшысы балалық шағы мен анасын еске алған болатын. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев әкесі жайлы әңгімелеген еді.