05 мамыр 2015 13:53

Назарбаев Жозе Мануэль Баррозуды "Достық" орденімен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жозе Мануэль. © REUTERS Жозе Мануэль. © REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның экс-төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның экс-төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Баррозуды II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Баррозуға алғыс айтты.

"Еуропалық комиссияға Сіз төрағалық еткен кезде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы он есе артты. Сіздің пәрменді ықпалыңыз, достық көмегіңіз арқылы біз ҚР мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі және ынтымақтастығы туралы келісім жобасына қатысты келіссөздер аяқталғаны жөніндегі құжатқа қол қойдық. Еуропалық одақ біздің негізгі сауда серіктесіміз болып қала бермек", - деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Баррозу қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік бұдан әрі өрістеп, оның аясы кеңейе береді деп үміттенетінін жеткізді.

"Еуропалық комиссияның төрағасы ретінде мен Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз серіктестікті қолдау үшін қажет болған бар күш-жігерімді салдым және өзімнің оған қосқан үлесімді зор мақтаныш тұтам. Сондай қарым-қатынас орнату үшін Сіздің тікелей атсалысуыңыз да өте маңызды болды", - деді Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети