Назарбаев жұмыс орындарын сақтауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жұмыс орындарын сақтауды тапсырды Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысы. ©Тұрар Қазанғапов

Назарбаев компания басшыларына жұмыс орындарын сақтауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді, онда министрлер елдегі қазіргі экономикалық ахуал туралы баяндама жасады. 

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев биыл іске қосылатын инвестициялық жобалар туралы баяндады. Министр бұл жобалар сапалы жұмыс орындарын ашуға және оларды сақтауға мүмкіндік беретінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыспен қамту мәселесіне ерекше тоқталды, ол барлық компания басшысына тапсырма берді. "Ең бастысы, әсіресе, ірі кәсіпорындар жұмысшы адам үшін жұмыс орнын сақтауы керек. Мен мұны бұрынғы жұмысшы ретінде айтып отырмын. (...) Мен барлық компания басшысына егер өндіріс мәжбүрлі түрде қысқартылатын болса, адамдар мәжбүрлі түрде қысқаратын болса, олар басқа жұмыста істеуі мүмкін екенін айтқым келеді. Бұл адам үшін, оның отбасы үшін айрықша маңызды", - деді Мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети