Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Дубай қаласына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Х Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Дубай қаласына келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік" тақырыбына арналған биылғы форум жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады", - делінген Ақорданың баспасөз парағында.
Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы – Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті.
Еске сала кетейік, 2011 жылдың маусым айында Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы Астанада өткен еді. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің азық-түлік пулы мен Ислам даму банкі тобы құрылымында өңірлік қор құрып, ұйым шеңберінде азық-түлік көмегі жүйесін жасауды ұсынған болатын. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Қазақстанда аталған өңірлік қордың штаб-пәтерін ашуды ұсынды.