24 сәуір 2015 | 19:43

Назарбаев кадрлық тағайындаулар туралы бірқатар жарлыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Тұрар Қазанғапов @Тұрар Қазанғапов

Мемлекект басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының алты елдегі елшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекект басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының алты елдегі елшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ирландиядағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болса, Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.61   525.29   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети