09 қыркүйек 2016 13:22

Назарбаев қала маңындағы жер мәселелерін шешуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге жер қорына қосымша талдау жасап, басты жоспарға өзгертулер енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге жер қорына қосымша талдау жасап, басты жоспарға өзгертулер енгізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкімдерге мемлекеттік қажеттілік үшін жер сатып алуға қосымша құқық берілуі тиіс, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысына да", - деді Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Не мәселе? Қала маңында бос жерлер жоқ. Жерді кім болса, сол алып алған. Әкімдердің бұл жерлерге тиісуге қақы жоқ. Бұл үлкен қалаларға қатысты - Астана, Алматы және Шымкент. Сондықтан әкімдерге осындай құқық беру керек, егер жер қолданылмай бос тұрса, онда прокуратураның күшімен мемлекетке жерді қайтаруы тиіс, ал басқа жағдай болса онда кадастрлық құны бойынша сатып алу қажет", - деді Президент.

"Мен барлығын айтайын, ренжіп жүрмесін. Ескерту болды - жерді сатып алды, біз мұнда ферма саламыз деді, шын мәнінде уақыт өткенде онда дым да жоқ. Мемлекетке жерді қайтару керек және көпке создырмау қажет. Сонда әкімдердің қарапайым тұрғындарға үй салуға бөліп берер жері болады", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети