Назарбаев Канаданың генерал-губернаторымен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Жули Пайетпен жүздесу барысында генерал-губернатордың Қазақстанға алғашқы ресми сапарының канадалық ғарышкер Давид Сен-Жактың Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған кезімен тұспа-тұс келуінің символдық мәнін атап өтті.

"Өзіңіз де осындай миссиямен ғарышта екі рет болғандықтан, Сіз үшін мұның маңызы зор", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 26 жыл толғанын айтып, сауда және өзара инвестиция салаларында оң үрдіс бар екеніне тоқталды.

Канаданың генерал-губернаторы Жули Пайетт Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік берілгені үшін ризашылық білдіріп, бұған дейін түрлі ғарыш бағдарламаларының қатысушысы ретінде Байқоңыр ғарыш айлағында болғанын айтты.

"Мен Қазақстанға премьер-министріміздің сәлемін ала келдім. Біз жерден сәтті ұшып шыққан ғарыш экипажының қазір орбитаға жеткеніне қуаныштымыз. Ертең ұлттық ғарыш орталығына барамыз. Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы мен Канаданың Ғарыш агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жемісті болады деп үміттенемін", - деді Жули Пайетт.

Сонымен қатар, генерал-губернатор Қазақстан Президентінің антиядролық бастамаларын Канада толық қолдайтынын айтты.

Соңында тараптар білім және ғылым, ауыл шаруашылығы салаларындағы және агроөнеркәсіп секторындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылап, бүгінгі сапар Қазақстан мен Канада арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro