Назарбаев Қарағанды облысының тұрғындарын Бұқар жыраудың 350 жылдығымен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерейтойға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым және жұртшылық өкілдері қатысты. Іс-шараға қатысушылар Бұқар жырау ескерткішіне гүл шоғын қойды. Одан кейін "Күміс көмей әулие" атты театрландырылған қойылымды тамашалады.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқып берді. Онда Бұқар жырау қиын-қыстау жылдарда өткір жырларымен елді ұйытып, ата мекенімізді жаудан қорғауға шақырған көрнекті тұлға делінген. Біз - бақытты ұрпақпыз, өйткені ұлы бабамыз армандаған біртұтас ұлт және қуатты мемлекет құрдық. Сондықтан Бұқар жырау мұрасы әрдайым өзекті болып қала береді.

Бұқар жырау - ХVIII ғасырдағы ауыз әдебиеті поэзиясының ұлы өкілі. Ол Тəуке ханның тұсындағы ықпалды билердің бірі, сондай-ақ Абылай ханның бас кеңесшісі болды. Төле, Қаз дауысты Қазыбек жəне Əйтеке билермен бірлесіп, жалпы қазақ құқық заңдарының жиынтығы "Жеті жарғыны" әзірлеуге қатысты.

Жырау араб, парсы, қытай тілдерін жетік меңгерген, әділеттіктің жақтаушысы ретінде ізгілік пен ақиқатты ту қылып ұстады, табиғаттың таңғажайып көрінісін жырлады. Жыраудың басты ұстанымы халықтың бірлігі болды.

Іс-шара аясында эстрада жұлдыздарының, Қарағанды облысының шығармашыл топтарының - Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздарының қатысуымен концерт өтті.

Сондай-ақ, қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, қыз қуу, көкпар және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro