Назарбаев қару айналымы мен оны сақтау және сату мәселесін реттеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Назарбаев қару айналымы мен оны сақтау және сату мәселесін реттеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық және жүйелі сипаттағы бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Үкіметке екі айдың ішінде терроризм мен экстремизмге, қару айналымы мен оны сақтауға және сатуға қарсы әрекет ету саласындағы, көші-қонды және діни бірлестіктерді реттеу саласындағы заңнамалық бастамалар жиынтығын әзірлеуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті қарудың барлық түріне елімізде тиым салу жөнінде қоғамда көтеріліп отырған мәселе мұндай радикалды шараларды қолданбай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндігі тұрғысынан мұқият зерттеуді қажет ететінін айтты.
"Заңнамалық тұрғыдан қару айналымын, оны сақтау тәртібін қадағалау күшейтілсін, бұл тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік қатайтылсын, осы қызметпен айналысатын барлық субъектілерге кешенді тексеріс жүргізілсін. Ішкі істер министрлігі тез әрі рұқсатсыз қолдануға жарамды қаруды сатуға тиым салатын, сондай-ақ қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар сақталатын нысандар күзетіне қойылатын біліктілік талаптарын күшейтуді қамтамасыз етуге арналған өзгерістерді қажет болған жағдайда бір ай мерзім ішінде заңнамаға енгізсін. Бұдан бөлек, көппәтерлі үйлерде емес, арнаулы ғимараттарда болуға тиіс қару-жарақ дүкендерінің орналасқан жерлері анықталсын", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде теракт болды. Қазақстан бойынша 40 күнге террорлық қауіптің сары деңгейі белгіленді.