Назарбаев Каспий елдері үшін еркін сауда аймағын құруды ұсынды

29 Қыркүйек 2014, 18:01
0
Назарбаев Каспий елдері үшін еркін сауда аймағын құруды ұсынды - Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Каспий елдері үшін еркін сауда аймағын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астраханьда өтіп жатқан Каспий жағалауы мемлекет басшыларының саммитінен.

"Әлемдік нарықтың қазіргі жай-күйін ескере отырып, біздің елдер экономикасын жақындастыру және өзара сауданы ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыруға болады. Сонымен бірге, Каспийдің құқықтық мәртебесін реттемей тұрып-ақ экономикалық өзара әрекеттесудің негізін қалау керек. Мен Каспий еркін сауда аймағын құруды қарастыруды ұсынамын. Бұл біздің елдер үкіметі деңгейінде нақты талқыланатын алғашқы мәселелердің бірі бола алады", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жайына тоқталып, жуық арада елдер бұл құжатты қабылдауды қолға алады, сөйтіп, Каспий аймағындағы ынтымақтастықты тереңдетудің берік құқықтық іргетасын қалайды деген пікір білдірді. "Жақсы дайындалған мұндай құжат сіз бен біздің келешек ұрпақ үшін Каспий теңізінде достық, тату көршілестік қатынастарды нығайтатын құжат жасайтынымызға база, негіз болады", - деді Назарбаев.

"Біз Каспий теңізінің әділетті құқықтық режимін орнатуға жақындап келеміз. Бұл біздің елдер арасындағы қатынастарға үлкен келешектер ашады. Каспийдің мүмкіндіктер теңізі екенін түсіну маңызды", - деді Мемлекет басшысы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай