Назарбаев Катар айналасындағы шиеленіске қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Катар айналасындағы шиеленіске қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катарға қатысты шиеленіске алаңдаушылық білдіріп, Парсы шығанағы аймағындағы жағдайдың қалыпқа келуінің маңыздылығын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катарға қатысты шиеленіске алаңдаушылық білдіріп, Парсы шығанағы аймағындағы жағдайдың қалыпқа келуінің маңыздылығын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Катарға қатысты шиеленіс алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған қатысты Парсы шығанағы аумағында жағдайдың тұрақталуын қолдаймыз. Бұл жағдайда мен және Түркия президенті Ердоған ұсынған ислам келісімі бастамасының маңыздылығы артып отыр. Бұл араб елдері үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін қажет - ортақ суб аймақ қой", - дейді Назарбаев. 

Оның пікірінше, ислам елдері арасында қатынастың түзелуіне 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін Ғылым және технология бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті маңызды болмақ. 

"Барлық ислам елдерінің басшыларын қатысуға шақырдым. Осы елдердің елшілерін мемлекет басшыларына менің өтінішімді тағы бір жеткізіп баруын сұраймын", - деді Назарбаев Ақордадағы дипломатиялық миссия басшыларымен кездесу кезінде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети