11 шілде 2017 | 17:40

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризмнің алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл ретте кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы тұру қажеттігін атап өтті.

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірі мен мемлекеттің барлық саласында кездеседі. Сондықтан мен әҚазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауда цифрлық технологияларды дамыту мақсатын қойдым. Оның пайдасы зор, бірақ оны енгізумен бірге кибершабуылдар жасау қаупі де туындайды. Сол себептен Қазақстан оған дайын болуға тиіс", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушылар назарын еліміздегі және әлемдегі террористік топтардың деструктивті әрекеттерінің салдарларына аударып, осы бағытта тиімді жұмыстар жүргізуді бір жолға қою қажеттігін айтты.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети