17 наурыз 2021 15:27

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындаулар өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде жаңа бөлім меңгерушілерін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде жаңа бөлім меңгерушілерін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасы сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен:

  • Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
  • Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі - ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети