Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың "Көктем шуағы" Қазақстанның әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесуі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың "Көктем шуағы" Қазақстанның әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесуі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент мұндай кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Шақырылған әйелдер арасында саясаткерлер, әскерилер, мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер мен ғалымдар да бар. Жиналған нәзік жандарға лебіз білдіру арқылы Назарбаев барша қазақстандық қыз-келіншектерді құттықтап жатқанын айтты.
"Кімді шақыратынымызды таңдау оңай болған жоқ. Көбі келгісі келген шығар? Бәрін де ескере алмадық, алдағы уақытта ескереміз", - деді Президент.
Ол 12 жыл бұрын биліктегі әйелдер қатарын 30 пайызға дейін жеткізуді тапсырғанын еске алды.
"Ол кезде мүмкін еместей көрінген. Мемлекеттік аппаратта әйелдермен кеңесетін, алайда, шешімді өздері қабылдайтын ерлер болды. Ерлер өзімшіл. Ондай әйелдер де бар. (...) Ерлі-зайыптылар ұрсысып қалып: татуласайық, екеуміз де кінәліміз, бірақ сенің кінәң көбірек депті", - деп әзілдеді Парезидент.
"(...) Біз үшін алынбайтын қамал жоқ", - деп атап өтті Назарбаев. Ол шақырылған әйелдердің бастан кешкендеріне тоқтала кетті.
"Әйелдер мұндай теңдікті қалай бағалап жатқанын білмеймін. Қолына қару алып. Мен өзім мұны аса жақсы қабылдамаймын. Бірақ сіздерді тоқтату мүмкін емес. Мен қазір қару туралы мысал ғана айттым", - деді ол және қазақстандық қаһарман әйелдер туралы антология жасауды ұсынды.
Президентпен кездесуге қатысқандар: Парламент Мәжілісінің депутаты, бала құқығы бойынша уәкіл Зағипа Балиева, микробиолог ғалым, Антарктидада Қазақстан туын тіккен Әлия Ерназарова, Алматыда өткен Универсиадада шаңғы жарысынан чемпион атанған Анна Шевченко, Ирина Седова ауылдық мектеп директоры, "Жас Атамекен" Жас кәсіпкерлер клубының директоры Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, "Теңізшевройл" ЖШС адам ресурстары басқармасының бас менеджері Шолпан Алтыбаева, аудандық аурухана бас дәрігері Карлығаш Разиева, ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, "Астана-Балет" театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көп балалы ана Оксана Мукашева, қобыздан халықаралық конкурстардың жеңімпазы Ақерке Тәжібаева, Астана қаласының кәмелетке толмағандар ісі бойынша ауданаралық арнайы сотының төрағасы Назиля Раззак, Абай атындағы театрдың солисі Оксана Давыденко, ҚР Қарулы күштерінің Парашютті дайындық орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева және журналист Венера Мирланқызы.