04 мамыр 2014 12:26

Назарбаев: Қазақстан орталықазиялық ықпалдастыққа мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан орталықазиялық ықпалдастыққа мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия даму банкінің 47-отырысының ашылуында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстан орталықазиялық ықпалдастыққа мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азия даму банкінің 47-отырысының ашылуында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымының бағдарламасы шеңберінде аймақтағы 10 әріптес көрші ел - Ауғанстан, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен ынтымақтастықта біздің жақсы тәжірибеміз бар. Соның арқасында Орталық Азияда жалпы экономика мен көлік құрылымы қалыптасып келеді, Қазақстан біздің аймақта мұндай қатынастардың дамуына әбден мүдделі", - деді Назарбаев.

Оның айтуынша, интеграциялық процестердің шекарасын ашып, Азияның барлық елімен арада сауда-экономикалық, көлік, энергетикалық, іскерлік, мәдени байланыстарды нығайта отырып, бұл бастаманы қолдау және кеңейте түсу қажет.

"Орталық Азияда Еуропа мен Азияның аралығындағы бірегей орынды иелене отырып, біздің ел оларды өзара байланыстыруға, мұндай интеграция үшін барлық қажетті жағдайды жасап, аймақ синергиясын күшейтуге дайын. Аймақтағы ірі экономика, әрі ең жылдам дамушы ел ретінде Қазақстан өз тәжірибесімен, ресурстарымен өзгелерге көмек көрсете алады", - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы Азия дамуының жаңа дәуірі саналып отырған Ұлы Жібек жолын жаңғыртудың келесі кезеңіне куә болып отырғанымызды айтты. "Бұл - Қытай, Үндістан, Жапония, Корея және Азияның басқа да көптеген дамушы елдерін біріктіретін ең қарқынды дамушы аймақ. Бұл - әлемнің үлкен тұтыну сұранысының негізін қалыптастыратын үлкен аумақ", - деді Елбасы.

"Біздің ортақ интеграциялық процестерді Ұлы Жібек жолын жаңғырту төңірегінде құруға болады. Ұлы Жібек жолының қазіргі аумағымен шекараласатын елдердің нарығы ауқымы мен әлеуеті жағынан теңдессіз болып саналады. Бұл жерде 3 млрд-тан астам адам тұрып жатыр. Транзиттік сауда ағынын дамыту ғана емес, сонымен бірге өзіндік құнның жаңа тізбесін құру да негізгі идея болуы керек. Сондай-ақ, қаржы нарықтарын интеграциялау, аймақта қолайлы жағдай қалыптастыру және іскерлік байланыстар мен көпсалалы ынтымақтастықты басқару", - деді Назарбаев.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети