Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығына мүдделі. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығына мүдделі. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресей және Беларусь президенттерімен Ақордада болған кездесуді қорытындылай келе Мемлекет басшысы тараптардың Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжалды реттеу мәселесін айналып өте алмағанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан бұл мәселеге шынайы көзқараспен қарайды және Украина бұл ахуалдан дипломатиялық жолмен ғана шыға алады.
"Қабылданатын кез келген шешімнің халықаралық құқықтың іргелі қағидаларына негізделгені маңызды. Біз Украинаның тұрақты, тәуелсіз, аумағы біртұтас мемлекет болып қалуына мүдделіміз. Қазақстан Минск келісімдерін қолдайды және барлық тараптың бұл келісімді орындауы өте маңызды, біз оның қалай болатынын бақылап отырамыз", - деді Назарбаев.
Украина мәселесі жөнінде Ресей президенті де пікір білдірді. "Нұрсұлтан Әбішұлы (Назарбаев) мен Александр Григорьевичтің (Лукашенко) бұл мәселені реттеуге жәрдемдесуге белсенді қатысуын атап өткім келеді. Минскіде қол жеткен келісімдердің арқасында қарулы қақтығысты кезең-кезеңмен бәсеңдетуге айқын мүмкіндік пайда болды. Киевтегі биліктің Минскіде қол жеткен уағдаластықтарды толық орындайтынына үміт артамыз", - деді Путин.