Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесуде Алматыда қысқы Олимпиада ойындарын өткізудің тиімділігін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасындағы трансляцияға сілтеме жасап.

"Менде де күмән бар. Бір жағынан адамдар "бұл - үлкен шығын ғой, өткізу керек пе, жоқ па" деп ойлайды. Мен де бұл туралы көп ойландым, бірақ бірнеше нәрсені ескеру керек. Бізде Алматыда Олимпиадаға мұзайдын дайын, әлемдік деңгейдегі шаңғы трамплині дайын, Азия ойындарына биатлон кешенін тұрғыздық - дайын. 2017 жылы Универсиада болады. Мұз стадионын тұрғызып жатырмыз, аяқтаймыз. Екі тегіс стадион және 12 мың орындық бір стадион болады. Олимпиада комитеті оны екі қалада өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады, яғни біз Астананы да жұмылдырамыз", - деді Назарбаев.
Мемлекет басшысы тұрғызылатын нысандардың бәрінің Олимпиададан соң 100 пайызға қолданылатынын айтты. "Әрине, қала инфрақұрылымын кеңейтетін боламыз, қаланы тазартамыз, экологиясын жақсартамыз. Ең көп шығын бобслей жолына жұмсалады, Алматыда ондай жол жоқ. Шығындар болады, бірақ бәрі ойлағандай үлкен болмайды", - деді Президент. Оның айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанға Ойындар өткізу үшін миллиард долларға жуық қаражат бөлуге әзір.