26 желтоқсан 2015 | 12:56

Назарбаев қазақстандық екі жоғары оқу орнын біріктіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© voxpopuli.kz © voxpopuli.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық екі жетекші жоғары оқу орнын біріктіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық екі жетекші жоғары оқу орнын біріктіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдағаны хабарланып отыр. "Кездесу барысында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ескендір Бейсембетовті Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети