Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жұмыс істеуге және кәсіпқой маман болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жұмыс істеуге және кәсіпқой маман болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Мемлекет басшысы осыған дейін кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға жария түрде қол қойған болатын. Кейінірек Президенттің баспасөз қызметі Назарбаевтың үндеуін жариялады.
"Заңңың біздің "Бес әлеуметтік бастаманы" қабылдап жатқанымызда жарияланғаны дұрыс болды. Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасыларға ипотекалық тұрғын үйлердің құрылысы дамып жатыр. Студенттерге арналған жатақханалар салынады. Мұның барлығы - бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер, сондай-ақ, нысандар жекешелендіретін болды. Сондықтан да мен қазақстандықтарды жұмыс істеуге шақырады. Бүгін әрбір жұмыс істейтін қазақстандық ипотекамен баспана ала алады, университетке де түсе алады, сондай-ақ, өздерінің отбасыларының жағдайын жақсарта алады", - деді Президент.
"Мұнда мәселе, қазақстандыққа жұмыс тауып беру емес, мәселе, ол таңдаған мамандықта. Барлығы да кәсіпқой мамандарды іздейді, жұмыс істей алатын адамдарды. Яғни, бүгін бізге мамандығы бар, жұмыс істей алатын адам қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.