Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды ресми БАҚ-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, - деп хабарлайды ресми БАҚ-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
"Құрметті отандастар! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. 19 жыл бұрын осы күні халқымыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата Заңды қабылдады. Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды. Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституцияның әлеуеті жоғары экономикалық өрлеу мен азаматтар әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді" делінеді Елбасының құттықтау сөзін жариялаған "Егемен Қазақстан" газетінің бүгінгі нөмірінде.
"Біздің Конституциямыз - "Қазақстан-2050" Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі. Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата Заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ынтымақ, табыс пен құт-береке тілеймін!", - деді Назарбаев.
Бүгін 30 тамызда Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр. Мерекеге байланысты алдағы дүйсенбі, 1 қыркүйек демалыс боп бекітілді.