Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады Фото: Тұрар Қазанғапов

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. 

"Қымбатты қазақстандықтар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – бүкіл қазақстандықтар асыға күтетін және ерекше атап өтетін айтулы мереке.

Халқымыздың ұлы мәдениеті, бай салт-дәстүрі көрініс тапқан Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерін ұйыстырады.

Тәуелсіздік жылдары бұл мереке ел бірлігінің жарқын символына айналды. Ол татулық, тұрақтылық  және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің үйлесімді дамуының іргетасы әрі зор жеңістерінің кепілі екенін айғақтайды.

Біз Тәуелсіздіктің осы негізгі құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, әрі қарай нығайтуға тиіспіз. Қазақстандықтар бұл міндетті абыроймен атқарып келе жатыр. Алдағы уақытта да солай боларына кәміл сенемін.

Осы шуақты мерекеде Отанымыз - Қазақстан Республикасына шын жүректен тыныштық пен бақ-береке тілеймін.

Әрдайым шаңырақтарыңыздан ырыс пен ынтымақ, игілік пен молшылық кетпесін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!", - делінген құттықтауда. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети