Назарбаев қазақстандықтарды не алаңдататынын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды қандай мәселелер алаңдататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды қандай мәселелер алаңдататынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықты не алаңдатады? Әлеуметтік зерттеулер көрсетіп берді. Мәселелер арасынан астын сызып қойғанымыз: коммуналдық қызметтердің аса қымбат екені, медицина мен білім берудегі қымбатшылық. Осы пункттердің барлығын зерттеп шығу керек", - деді Назарбаев Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінде.

"Мен Жолдауда әдейі айтқан болатынмын, жалақыны көтеру керек, баспана тұрғызу керек, жұмыспен қамтамасыз етіп, газ жүргізу керек. Мұның барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін. Қоғамда мәселелерді анықтау үшін зерттеу жүргізілді. Мен Бас прокурорға коммуналдық секторды зерттеу туралы тапсырма бердім. Ол тексеріп, нәтижесін анықтады. Сол нәтижелер үшін Қауіпсіздік кеңесін құрдым", - деді Президент. 

Бұған дейін Бас прокуратураның алқа отырысында электр қуаты мен жылудың бағасын қалыптастырудағы заңдылық талқыланды. Ол кезде Бас прокурор Мемлекет басшысының қазандағы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және табиғи монополиялар көрсететін қызметтердің ақысын өсірмеу туралы тапсырмасын еске салды.

Тексерулер кезінде еліміздегі көптеген электр станцияның тұтынушылар үшін электр энергиясының бағасын жоғарлатуға әсер еткен негізсіз тарифтер бойынша ұзақ уақыт жұмыс істегені анықталды. Энергия беруші және жабдықтаушы ұйымдар тарифтерді көтеру арқылы 29 миллиард теңге мөлшерінде пайда тапқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro