Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүкіл жер шарындағы миллиондаған адам ерекше сезіммен күтетін жарқын мереке – Пасхамен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – христиандар үшін ең қастерлі күн және биыл оны провославтар мен католиктер бір мезгілде мерекелеуінде символдық мән бар. Пасха жаңару, шаттық және үміт лебін ала келеді. Ол ізгілік бастауының, ақиқат пен әділеттің салтанатын паш етіп, игі істерге шақырады. Бұл күндері барлық адамға бірлік, сенім, өзара құрмет және сұхбаттасуға бейілділік сияқты құндылықтардың өміршең мәні айрықша айқын сезіледі. Гуманистік мұраттар ортақ рухани кеңістік қалыптастыра отырып, мейлінше құнды бола түседі", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасы Қазақстан қоғамның нығаюына, елдің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосатын барлық дін үшін құшағы ашық ел екенін де айта кетті. "Біздің мемлекетіміз барлық конфессия өкілдеріне жайлы ахуал қалыптастырып отыр. Біз бәріміз бірге, соның ішінде провославтар мен католиктердің де белсене қатысуымен татулық пен келісім арқылы қуатты Қазақстанды қалыптастырудамыз" - дейді Назарбаев.
Пасха мейрамы 20 сәуірде сенбіден жексенбіге ауған түні басталады. Ол 40 күнге созылады.