Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Православтар Пасхасының биыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен тұспа-тұс келуі терең мәнге ие екенін атап өтті. Ол біздің елімізде ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогтың бірегей үлгісі қалыптасқанын айтты.
"Мәңгілік адамгершілік құндылықтарға арқа сүйей отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей және қолдай отырып, біз ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайта білдік. Христиан дінін ұстанатындардың конфессияаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі өте зор. Еліміздегі барлық діни сенім өкілдері секілді христиандар да мемлекеттің қоғамды ұйыстыруға бағытталған бастамаларын әрдайым қолдайды. Достық, өзара құрмет пен түсіністік қатынастар біздің мақтанышымызға, ортақ игілігімізге айналды. Бүгін Пасха мейрамы адамдарды жақсы іс-әрекеттерге, мейірімділікке және айналасындағыларға қамқорлық жасауға шабыттандырады, адамдарға шаттық пен татулық сыйлайды, жүректерінде үміт, сенім мен шынайылық сезімдерін сақтауға көмектеседі. Осынау мереке күндерінде барша қазақстандықтарға бейбітшілік, өркендеу мен амандық тілеймін!", - деді ол.