Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды смартфон қолдануды үйретуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті жаңа технологияларды енгізу мәселесіне қатысты ойын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, инновацияларға қарамастан, халық түгелдей жаңа гаджеттерді қолдануды білмейді. 

"Цифрлық экономика үшін халықтың цифрлық сауатын ашу өте маңызды. Қазір бір дамыған заттар жайлы, Uber жайлы айтып отырмыз. Халық ше? Алысқа бармай-ақ мына тұрған Ресейде, Қазақстанда бұл туралы біле ме? Жоқ. Біздің енгізуді жоспарлап отырғанын да білмейді. Үйрету керек. Смартфон қолдануды үйрету қажет. Сондықтан алдымызда атқарылар жұмыс көп, көп айту керек, түсіндіру керек, үйрету керек", - деді Президент цифрландыру мәселелелері жөніндегі республикалық жиында. 

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықты оқулықты ашып, білім алуға шақырды. 

"Барлық қазақстандық: оқушы баладан зейнеткерге дейін. Қайтадан кітап оқуы керек. Оқытпағанның бәрін қайта оқи бастауы керек. Менің буыным тіпті де білмеді. Бүгінгі орта буын да солай. Сондықтан қазақстандықтар, барлығы оқулықты ашуы керек, түсіне бастауы тиіс. Өмір бойы білім алу нормаға айналып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети