28 қараша 2018 | 13:40

Назарбаев қазақстандықтардың неге ажырасып жатқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sevastopol.su © sevastopol.su

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қандай жұмыстың ажырасу санын азайтуға көмектесетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қандай жұмыстың ажырасу санын азайтуға көмектесетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1,5 миллион неке тіркеліп, 25-30 пайызы ажырасқан. Неге ажырасады? Себебі мектептерде жоғары сыныптарда балаларға қарым-қатынасты, ер мен әйелдің қалай есейетінін, қалай жүкті болатынын, нәтижесі қандай боларын үйретпейміз (...). Мектептердегі психологияны өзгерту қажет. Мұнда ұят дейтін ештеңесі жоқ. Мұның бәрі адамға тән. Сондықтан осыған назар аудару керек", - деді Президент Қазақстанның VIII Азаматтық форумында.

Елбасы некедегі басты проблема - дайындығы жоқ жастар деп есептейді.

"Қыздар өз рөлін білмейді, жігіттер мұның зор жауапкершілік екенін аңғармайды. Отбасын асырай алмасаң, әлі жұмысың болмаса, білімің жоқ болса, онда отбасын да асырай алмайсың. Оларға бұл туралы кім айтуы тиіс? Біреу айту керек қой! Мұны мектеп табалдырығынан бастап айту керек", - деп мәлімдеді Президент.

Назарбаев әрдайым өз жағдайының жоқтығын айтатын қазақстандытарға ауруханалар мен молаларға баруға кеңес берді. 

"Ол жақта жатқандардың жағдайы сенікіне қарағанда ауыр. Біздің қол-аяғымыз сау болса да екі қолымызда төбемізге қойып "Ой, жағдай қиын болып кетті" дейміз. Қиын дымы да жоқ. Өмірде бәрі мүмкін. Өзіңді жұмыс істеуге көндір. Мәселе осыда. Жастарды осыған үйретуіміз қажет", - деді Президент.

Ол қазақстандықтарды жалғызбасты, науқас және егде жастағы адамдарға қолдау көрсетуге шақырды. 

"Адам жалғыз қалды делік, ешкімі жоқ. Дүкенге барып нан алар жағдайы жоқ. Жағдайын кім ойлайды? Әлеуметтік қызмет айналысуы керек. Мұндай адамдарды білесіздер ме? Қалай өмір сүріп жатыр? Не жинап бір үйде асырау керек, не еріктілер аралап жүріп, қарттарға демеу болуы керек. Бұл біздің адамдар ғой. Жастығымызда қарттарымызға қалай қарасақ, өз кезімізде бізді де сондай тағдыр күтіп тұр. Бұл біріктіреді. Бұл өзара махаббатты тудырады. Бұл - сенің Отаның", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети