11 сәуір 2017 18:40

Назарбаев Қазақстанға төнген қауіптер туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"МИР" арнасына берген сұхбатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге және ҰҚКҰ-ға төнген қауіптер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"МИР" арнасына берген сұхбатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге және ҰҚКҰ-ға төнген қауіптер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін біз үшін ең қауіптісі - терроризм. Ал мұнымен бірде-бір ел жалғыз күресе алмайды, сондықтан, біздің елдер мен күш құрылымдарымыз ҰҚКҰ аясында ынтымақтаса жұмыс істесе, ісіміз нәтижелі болады", - дейді Елбасы. 

Президенттің пікірінше, екінші орында көші-қон мәселесі тұр. Өйткені Қазақстан арқылы 4 миллион адам басқа елге өтеді, ал 600 мың мигрант елде жұмыс істеп жүр.

"Үшіншісі - Ауғаныстан арқылы басқа елдер мен Қазақстан аумағы арқылы Ресей мен Еуропаға өтетін есірткі трафигі. Міне осы үшін ҰҚКҰ арнайы жаттығулар өткізіп тұрады. Қазір әлемде 250 миллион адам есірткі пайдаланады, ал 10 миллион адам жыл сайын есірткіден көз жұмады. Ең бірінші мұның жастарға әсерін тоқтату керек, бізге ұжымдаса жүмыс істеу керек", - деп атап өтті Назарбаев. 

"Міне осылар ең басты қауіптер. Сонымен қатар, елімізді өз ішімізден іріткісі келетін және сыртқы күштер туралы айтқанбыз. Бұл да ұжымдық қауіпсізідк ұйымының назарындағы мәселе. Ал бұл бағытта жүмыс істеу күрделі болып келеді. Біріншіден әскерилерді дайындау: біздің жастар өзге елдерде, ал олардың болашақ әскерилері біздің елде білім алады. Ұжымдық келісімшарт негізінде бір-бірімізді жеңілдіктер арқылы қару-жарақпен қамтамассыз етеміз. Әрине, мұнда ресейлік қару жасау жүйесінің басымдығы зор", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сонымен бірге, Елбасы тыйым салынған "Ислам мемлекеті" үйымына кірген қазақстандықтар азаматтығынан айырылатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети