Назарбаев: Қазақстанның ЕАЭО-дан шығуға құқығы бар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егер елдің мүддесіне нұқсан келетін болса, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуға құқығы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев егер елдің мүддесіне нұқсан келетін болса, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан шығуға құқығы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Егер келісімшартта жазылған ережелер орындалмайтын болса, Қазақстан ЕАЭО құрамынан шығуға құқылы. Мен бұрын да айтқанмын, тағы да қайталаймын. Қазақстан біздің Тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін ұйымға мүше болмайды. Тәуелсіздік - ең басты байлығымыз", - деді Президент.

Ол Еуразиялық экономикалық одақта Қазақстан мүддесі шектеледі деген пікірлердің жиі айтылатынын атап өтті. "Бұл олай емес. Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері жиналып, мәселе шешкен кезде, олардың біреуі қарсы болатын болса, онда шешім қабылданбайды. Бұл консенсус деп аталады. Егер маған олардың шешімі ұнамаса, мен қарсы боламын, сосын ол шешім қабылданбайды. Бұл - біздің бәрімізде бірдей құқық бар деген сөз", - деді Назарбаев.

"Құрамына әр елден үш адам мен премьер-министрлердің үш орынбасары кірген Еуразиялық экономикалық комиссия бар. Олар да шешімді жариялы түрде қабылдайды. Үкімет басшылары кездескен кезде олар да сөйтеді", - деді Мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro