Назарбаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысын қабылдады Фото: elbasy.kz

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның былтырғы жұмысының негізгі нәтижелері мен қазіргі қызметі туралы ақпарат берілді.

Пірматовтың айтуынша, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы атом саласындағы сенімді серіктес әрі отын жеткізуші мәртебесін нығайтып, ең ірі табиғи уран сатушы ретіндегі орнын сақтап қалған.

"Жаһандық пандемияның сын-қатерлеріне қарамастан, компания 2020 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштерге қол жеткізді, кейбіреуі бойынша жоспар асыра орындалды. Былтырғы қорытынды бойынша түсім – 587,5 миллиард теңгеге, ал таза пайда 221 миллиард теңгеге жетті. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 миллиард теңге болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа холдинг кәсіпорындарындағы вакцинация қарқыны туралы, компанияның ірі жобаларының жүзеге асырылуы, соның ішінде жылу бөлетін құрамалар шығару зауытының іске қосылуы жөнінде баяндалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети