21 қыркүйек 2018 | 14:25

Назарбаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысына тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялардың бірі саналатын "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алатынын атап өтті.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне компания жұмысының негізгі қорытындылары мен перспективалары жөнінде баяндады.

"Біз әлемдік атом саласындағы жағдайды мұқият саралап, дамудың жаңа стратегиясын қабылдадық. 2017 жылы және биылғы 8 айда компания өндірістік және қаржылық жоспарларының бәрін орындады. Осы жылы төленетін дивиденттер былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп болжап отырмыз", - деді Пірматов.

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясы басшысының мәліметіне сәйкес биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары болмақ. Нәтижесінде компания әлемдік нарықта өндіріс ауқымы жағынан ғана емес, сондай-ақ сату көлемі жөнінен де ірі кәсіпорынға айналады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети