27 мамыр 2016 13:53

Назарбаев Келімбетов жайлы: Ол пайдалы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Келімбетов Қайрат Келімбетов

Астанада Шетелдік инвесторлардың Кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Шетелдік инвесторлардың Кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат Келімбетов мырзаны тағайындаудың да үлкен мәні бар. Оның үкіметте жұмыс істеуге зор тәжірибесі бар, Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, мен оны оқысын деп әлемнің түрлі университеттеріне жіберіп отырдым. Ол барлық қаржы орталықтарымен таныс, Еуропада да, Америкада да. Меніңше, оның пайдасы болады және жақсы жұмыс істейді", - деді Назарбаев.

Келімбетов 2015 жылдың желтоқсанында "Астана" халықаралық қаржы орталының басшысы болып тағайындалған еді.

"(...) Халықаралық "Астана" қаржы орталығы - батыл жоба, сондықтан орталықтың қызметінің экономикалық нәтижелері тікелей шетелдік инвестициялардың есебінен ЖІӨ өсімінің қарқындылығымен көрініс табуы тиіс, солай үміт артамыз. Ел экономистерінің есебінше, қаржы орталығының құрылуының қорытынды жалпы әсері оның өңірлік экспансиясы алдағы 10 жылда шамамен 40 миллиард долларға жетуі мүмкін", - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети