Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев кезектен тыс сайлау өткізуді Парламент палаталары спикерлерімен бірге талқылады

25 Ақпан 2015, 18:04
0
©akorda.kz
©akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары спикерлерімен бірге ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мүмкіндігін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасы қаралды.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы ел-жұрт, соның ішінде еңбек ұжымдары мен қоғамдық бірлестіктер мүшелері, зиялы қауым, жастар және аға буын талқылап жатқанына тоқталды. "Бастаманы Парламент палаталары да қарап, қолдау білдірді және маған тиісінше үндеу жолдады. Парламент Сенатының сұрауы бойынша Конституциялық Кеңес осы мәселе жөнінде нормативтік қаулы қабылдады", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі негізгі салаларды дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік ұзақмерзімді бағдарламалардың белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанына назар аударды. "Менің ойымша, қазақстандықтар аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне жұмылу үшін сайлау өткізу қажет деп санайды. Сондай-ақ тұрғындар әлемде болып жатқан оқиғаларға және ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға байланысты алаңдайды. Бұдан арғы жұмыс үшін халықтың қолдауы қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция ережелеріне сай келетін Президент сайлауын өткізуді қолдады. Ол қазіргі уақытта әлемде қалыптасқан тұрақсыздық жағдайында бүкіл елімізге Мемлекет басшысының беделі қажет екенін атап өтті.

Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан қоғамының түрлі топтары елдің жетістіктері мен әлемдегі ахуалды ескере келіп, сайлау өткізуді қолдап отырғанын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай