18 сәуір 2017 | 14:32

Назарбаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Чжан Гаолимен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Чжан Гаолимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Чжан Гаолимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жалғасы

Мемлекет басшысы кездесуде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьеріне сәттілік тілеп, екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Қазақстан мен Қытай арасында серіктестіктің ерекше моделі қалыптасқан. Біз энергетикалық және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатып отырмыз", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің "Бір белдеу - бір жол" атты халықаралық форумға шақырғанына алғыс білдіріп, бұл іс-шараға қатысуға дайын екенін жеткізді.

"Алдымызда бізді көптеген бірлескен жұмыс күтіп тұр. "Бір белдеу - бір жол" форумына қатысу үшін Бейжіңге баратын сапарым барысында біз "Нұрлы жол" және "Жібек жолы экономикалық белдеуі" бағдарламаларын ұштастыру жолдарын жан-жақты талқылаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Чжан Гаоли ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Президентіне жолдаған сәлемін жеткізіп, Ынтымақтастық жөніндегі комитет отырысы аясында жаңа уағдаластықтар жасалғанын атап өтті.

"Қытай Халық Республикасының төрағасы биылғы маусым айында "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына және Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстанда экономиканың қарқынды дамуы жалғасуда, әлеуметтік тұрақтылық бар екені байқалады,  халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Халықаралық аренада да Қазақстанның беделі артып отыр", - деді Чжан Гаоли.

ҚХР вице-премьері Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға қолдау білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру жөніндегі таяудағы бастамаларының маңыздылығына тоқталып өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті еліміздегі өзгерістердің іске асырылуына қолдау көрсеткені үшін ҚХР басшылығына алғыс білдіріп, сауда және экономика саласы бойынша екі ел арасындағы байланыстар нығая түседі деп үміттенетінін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети