19 сәуір 2017 | 20:10

Назарбаев Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыратын ұлттық комиссияны құруға жарлық берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша ұлттық комиссияны құруға жарлық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша ұлттық комиссияны құруға жарлық берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, елдің ары қарайғы мәдени-гуманитарлы дамуын қамтамассыз ету мақсатында ҚР Конституциясының 44-бабының 20-тарауына сай Қазақстан президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша ұлттық комиссияны құруға жарлық беремін", - делінген жарлық мәтінінде. 

Комиссия құрамына:

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков;

Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжин;

Қазақстан Республикасы премьер-министрі канцеляриясының жетекшісі Нұрлан Алдабергенов;

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Аида Балаева кірді.

Сонымен қатар, комиссия құрамына министрлер, Астана, Алматы мен өзге өңірлердің әкімдері, Парламент депутаттары, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелері, институт директорлары, оқу орындарының ректорлары, қоғамдық бірлестік мүшелері, мемлекеттік мекеме жетекшілері кірді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети