Назарбаев коронавирустан қалай емделді? Үкібай жауап берді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев коронавирустан қалай емделді? Үкібай жауап берді Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Елбасының коронавирустан қалай емделгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Елбасының коронавирустан қалай емделгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл қарапайым тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында ауру дерегі көп тіркеліп жатқан кез, олар бұл соққыны бірінші болып қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа сын-тегеурінге қарсы күресте қазақстандық дәрігерлердің айрықша ролін бірнеше рет атап өтті. Елбасы әрдайым адамзат бұл вирусты әлемдік ғылыми-медициналық қоғамдастықтың тығыз кооперациясы мен әркімнің өз денсаулығын сақтауға жауаппен қарауы ғана жеңе алатынын айтатын", - деді Үкібай.

"Еске салайын, Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруы туралы жаңалық еліміздің халқын ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты да дүр сілкіндірді. Көптеген шетелдік көшбасшы алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуін тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын досы Владимир Владимирович Путин ресейлік дәрігерлерді қазақстандық мамандарға, соның ішінде Тұңғыш Президентке бақылау жасаған дәрігерлерге көмекке жіберуді бұйырды".

"Елбасы коронавирус инфекциясымен симптомсыз ауырып шықты. Бұл көбіне дәрігерлердің арқасында: олардың кеңестері, ұсыныстары, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің денсаулығын мұқият бақылауы", - деді Айдос Үкібай.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев 30 маусымда Мәскеудегі кездесуде Владимир Путинге оған коронавирустан айығуға ресейлік дәрігерлер көмектескенін айтты. 

Қазақстанның Тұңғыш Президентінен коронавирус 2020 жылдың 18 маусымында анықталды. 2 шілдеде Елбасы сауығып шықты. Биыл маусымда Нұрсұлтан Назарбаев "Спутник V" вакцинасын салдырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети