Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезектен тыс Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына бекітілді.
Айта кетейік, 13 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымындағы депутаттары палатаны мерзімінен бұрын таратуды Қазақстан Президентінен сұрады және кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастама көтерді.
18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыповпен және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен кеңес өткізген еді. Кездесуге Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин де қатысты.