Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында компанияның қазіргі қызметінің мәселелері, теміржол саласындағы ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық тұрғыдан дамуы үшін Қазақстанның көліктік-логистикалық инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайтудың маңыздылығын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.