12 қаңтар 2023 | 11:40

Назарбаев құрметті сенатор мәртебесінен айырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда құрметті сенатор атағы ешкімге берілмейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда құрметті сенатор атағы ешкімге берілмейді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осыдан екі-үш апта бұрын Сенат регламентіне тиіс өзгерістер енгізілді. Біз регламенттен құрметті сенатор атағын алып тастадық. Бізде қазір ондай институт жоқ. Бұл шешімді қабылдауымыздың себебі, біздің барлық халық референдумда дауыс берді. Тұңғыш Президент туралы жарлық Конституциядан алынып тасталды. Бұл - халықтың шешімі", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, Әшімбаев бұған дейін құрметті сенатор атағы бір адамға ғана берілгенін айтты.

"Құрметті сенатор атағы енді заңда жоқ. Бірден айта кетейін, Сенат регламентіне өзгерістер енгізілген. Біз бұл норманы қайта қарап, өзгерткенде "Құрметті сенатор" атағын алып тастадық. Бұған дейін ол тек бір адамға берілген еді. Қазір бұл атақ ешкімге берілмейді. Өйткені қазір бұған бізде заңды негіз жоқ", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети