Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Заң Мемлекет басшысының заң шығару бастамасы тәртібінде қабылданды және Қылмыстық-процестік кодекске, "Жедел-iздестiру қызметi туралы" және "Прокуратура туралы" заңдарға түзетулерді көздейді, олар мыналарға:
- қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының қорғалуын күшейтуге және қылмыстық процестің қайталануын азайтуға;
- қылмыстық процесте, оның ішінде адвокаттардың құқықтарын кеңейту есебінен жарыспалылықты арттыруға;
- сотқа дейінгі сатыда соттың бақылауын кеңейтуге;
- процестік өкілеттіктерді нақты бөлуге;
- қылмыстық процесті жеңілдетуге және үнемділікпен жүргізуге бағытталған.