28 қазан 2018 09:00

Назарбаев Қырғызстанға ресми сапармен қашан баратыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©akorda.kz ©akorda.kz

Қырғызстан мен Қазақстан мемлекетінің сыртқы істер министрлік өкілдері елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға алдағы сапарын жоспарлап жатыр. Бұл туралы 27 қазанда Қырғызстанның СІМ басшысы Шыңғыс Айдарбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Қырғызстан мен Қазақстан мемлекетінің сыртқы істер министрлік өкілдері елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға алдағы сапарын жоспарлап жатыр. Бұл туралы 27 қазанда Қырғызстанның СІМ басшысы Шыңғыс Айдарбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгінде біз ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қырғызстанға ресми сапары күн тәртібінің негізгі бөлігін дайындау және толтыру жөніндегі жоспарларымызды талқыладық", - деді Айдарбеков Астанада ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахмановпен жүргізілген келіссөздерден кейін.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің суреті

Сондай-ақ, ол өзінің қазақстандық әріптесін ресми іс-сапармен Қырғызстанға келуге шақырды. Қазақстан Сыртқы істер министрінің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға 2019 жылы келуі мүмкін.

"Біз бауырлас Қырғызстан мемлекетімен қарым-қатынасымызға ерекше мән береміз және оны стратегиялық серіктес әрі жақсы сыйласатын көршіміз деп санаймыз", - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбековпен кездесуінде.

 

Қайрат Әбдірахманов пен Шыңғыс Айдарбеков 27 қазанда Астанада кездесті. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің суреті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети