28 желтоқсан 2018 22:58

Назарбаев Қытаймен қарым-қатынас жайлы: Пайдасын алуымыз керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-мен экономикалық қарым-қатынас жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-мен экономикалық қарым-қатынас жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Президент журналистердің сұрағына жауап беріп, жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысын жасады. Телеарна мәліметінше, әлемдік экономика құбылмалы болды, мұнай баррелінің құны 50 мен 80 доллар аралығында болды. Сондықтан Президент шикізат өндіруден қайта өңдеуге өтуге, нарыққа жылдамырақ әсер ете алатын шағын және орта кәсіпорындар ашуға шешім қабылдаған. Сонымен қатар, Назарбаев өзіндік құны жоғары болатын дайын өнімді сатуды тапсырды. 

"Ауыл шаруашылығы кешенінде атқарар шаруа көп, бұл еліміздің маңызды резервтерінің бірі, бидай өндіріп, сатамыз, ет, сүт. Қазір Қытай ашылды, әлемде болып жатқан қақтығыстардан біз пайдасын алуымыз керек. Пайда түсіп те жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға жеткізіп беруді бастадық. Өнімімізді сатып алып жатыр, бірақ оны қайта жасау керек. Қайта өндіріп, бағасын көтеруіміз керек. Тіпті бидайдың өзін қазір жақсылап қайта өңдеуге болады. Глютен деген бидайдан мата жасауға болады екен. Кеспе өндіру бойынша зауыттарды қытайлықтардың салып жатқанын айтпағанның өзінде. Бұл да керек. Яғни бидайды сату ғана емес, ең болмаса ұн, ұннан жасалған өнім сату керек. Сондықтан индустриализацияны өңдеу мәселесіне қарай бағыттаймыз. Онымен жаңа зауыттарды қатар саламыз. ҚХД-да төраға Си Цзиньпинмен Жібек жолы бойынша келісім бар, ол даму мен жаңа зауыттардың құрылысы бойынша. 30 миллиард доллардың 60-тай кәсіпорны. 12-сі енгізілді, 6-уы биыл, 12-сі дайындық үстінде. Яғни барлық жақта кәсіпорын салынып жатыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңдеуіне бағыттап жатырмын. Бұл жұмыспен тоқтап қалмай, ары қарай жүреміз. Шикізат өндірісі де, өңдеу индустриясы да болсын. Бұл барлық тарапқа пайдалы. Бұл мемлекеттің тұрақтылығы. Бұл бізге ел ішінде тоқ болуымызға мүмкіндік береді", - деді Президент. 

"Қытай қарқынды дамып келеді. Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасы жоғары деңгейде. Ешқандай да қауіп жоқ. Керісінше, байланысымызды қуаттай түсуіміз керек, осы мақсатта жұмыс істеуіміз керек. Қытай мен Ресей - негізгі көршілеріміз", - деп атап өтті Елбасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети