Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Миландағы Қазақстан-Италия бизнес-форумында Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен бірге лифтте тұрып қалды, - деп хабарлайды La Stampa жергілікті басылымы. 

Жазбада Назарбаев пен Ренцидің лифтте бірнеше минутқа қалып қойғаны айтылады. Өртсөндірушілер жағдайды қысқа мерзімде реттеу үшін есікті балталауға мәжбүр болды. Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен Миландағы Қазақстан-Италия бизнес-форумына барған болатын. 
Форумда құны 500 миллион доллар болатын жиырмадан астам құжатқа қол қойылғаны хабарланды. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы техникасына, азық-түлікке, тігін өндірісіне, сонымен қатар машина құрастыру, мұнай секторы және құрылыс салаларына бөлініп отыр.