23 наурыз 2017 | 14:55

Назарбаев Лондондағы терактілерге қатысты Тереза Мэйге көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лондондағы теракт болған орын ©Reuters Лондондағы теракт болған орын ©Reuters

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі Тереза Мэйге Лондон қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 
 
Жеделхатта Ұлыбритания Парламенті маңындағы террорлық акт салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Иконка комментария блок соц сети

"Бұл қастандық әрекетті бүкіл өркениетті әлемге қарсы бағытталған террорлық акт деп санаймыз. Біріккен Корольдіктің халқы мен үкіметіне, сондай-ақ зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, жеделхатта Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайтыны, халықаралық қоғамдастықты зұлымдықпен күресу үшін күш жұмылдыруға шақыратыны жөнінде атап өтілді.

Мұның алдында, Лондондағы терактіге байланысты полиция Бирмингемдегі рейд кезінде бірнеше адамды ұстағаны хабарланған болатын. Күдікті Вестминстер көпірінен тротуарға түсіп, бірнеше адамды қаққан. Күдікті парламент ғимаратына жете бергенде полиция қолына түсті.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй COBRA мемлекеттік кеңесінің отырысын өткізді. Оның айтуынша, елде террористік қауіптің "айтарлықтай" деңгейі орнаған. Ол көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты. "Шабуыл орны арнайы таңдалған. Лаңкестер астанамыздың жүрегіне соққы жасады. Мұнда барлық ұлт, дін және мәдениет өкілдері сөз бостандығы мен демократияны қолдауға жиналады. Әлемдегі ең көне Парламент үйлері, Вестминстер көшелері еркіндік рухына толы. Бұл құндылықтарды мойындамайтындар соққы жасау үшін арнайы осы жерді таңдады", - дейді ол. 

Алдын ала мәлімет бойынша терактіден Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. 

Еске салайық, 22 наурызда Лондондағы Вестминстер көпірінде және парламент ғимаратының маңында екі оқиға болды. Соңғы мәлімет бойынша, теракт салдарынан бес адам мерт болып, 40 шақты адам жараланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети