Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Беларусь президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.
"Екі елдің көшбасшылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасындағы бірлесіп шешуді қажет ететін проблемаларға назар аударды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Украинадағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған "норманд форматындағы" келіссөздер Украина дағдарысын шешу жолдарын табу үшін мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен телефон әңгімесі барысында екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара әрекет мәселелерін талқылағаны хабарланған еді. Ресей экономикасындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекет басшылары өзара тиімді сауда мәселелерін талқылады. Екі елдің үкіметтеріне екі жаққа да бірдей тиімді шешімдер жасау тапсырылды.
Владимир Путин Назарбаевқа Германия және Франция басшыларымен 6 ақпан күні Мәскеуде жүргізілген келіссөздердің және 8 ақпан күні "норманд форматында" жүргізілген телефон келіссөздерінің қорытындылары туралы ақпарат берді.