Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Лукашенко Ресей, Украина, Франция президенттерінің және Германия канцлерінің Минскіде "норманд форматында" өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты.
"Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін алғыс білдірді және кездесудің жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтады", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетінін білдірді. Сонымен бірге, президенттер таяу арада елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды. Еске салайық, Минскідегі келіссөздер 16 сағаттан артық уақытқа созылған болатын. "Норманд төрттігі" көшбасшылары кездесуінде Украинада 15 ақпаннан бастап атысты тоқтатуға шешім қабылданды.