1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев мәдениет саласындағы стипендияны берді

©akorda.kz ©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, стипендиялар Серік Ақсұңқарұлы, Асылзат Арыстанбекқызы, драматург Ахметжан Әшіров сияқты әдебиет қайраткерлеріне және суретші Анар Әбжанова, режиссер Әлия Баймаханова, актер Еркебұлан Дайыров, киноактриса Әлия Телебарисова сияқты өнер қайраткерлеріне берілді. Стипендия иегері атанғандардың толық тізімін мына жерден көруге болады. 

Мұның алдында Президент әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы жарлыққа қол қойған болатын.